«Өсімдіктер әлемі» тақырыбында сабақ

✅ 11 маусымда «Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ мектеп жанындағы тілдік лагерьде «Өсімдіктер әлемі» тақырыбында сабақ өткізілді. Балалар қазақ тілінде өсімдік атауларын қайталап, жаңа сөздермен танысып, сөйлемдер құрады. Тақырып бойынша блиц -турнирге оқушылар белсене қатысты. Сабақ «Сөз шеңбері» ойынымен аяқталды. Ойын барысында балалар шеңбер құрып, берілген әріптен басталатын өсімдік атауларын қазақ тілінде айтып жарысты. Оқушылар кері байланыс барысында сабақтың ұнағанын айтып, пікірлерін білдірді.https://youtube.com/shorts/6rXyC-OmAhg?feature=share

Scroll to Top