✅ 13 маусымда «Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ тілдік лагерьде «Шығыс әдебиеті» модулі бойынша сабақ өткізілді. Оқушылар шығыстан шыққан жазушылар Оралхан Бөкей, Әлібек Асқаров, Нұрдәулет Ақыш, Дидахмет Әшімханұлы, Қалихан Ысқақов туралы презентация дайындады. Шығыс Қазақстаннан шыққан ақын-жазушылар туралы мәліметтермен танысып, әдеби викторинаға қатысты. О.Бөкейдің «Апамның астауы» әңгімесінен үзінді оқыды.
«Шығыс әдебиеті» модулі бойынша сабақ

