Алтай қаласының «Мектеп-лицейі» КММ-де Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне 30 жыл толуына орай іс-шаралар өткізілуде. Бұл маңызды мереке – еліміздің негізгі заңында бекітілген бостандық, теңдік және бірлік сияқты құндылықтарды еске салады.
Атаулы датаға орай мұғалімдер мен оқушылардың қатысуымен бейне-сұхбат ұйымдастырылды. Әрқайсысы Конституцияның азаматтар өміріндегі маңызы жөнінде өз ойымен бөлісті. Олардың сөздері Конституцияның жай ғана құжат емес, еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің берік негізі екендігін шынайы еске салды.https://www.instagram.com/reel/DNPmEMGMPzr/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

