Алтай ауданында белсенді, бей — жай қарамайтын және жауапты ер адамдарды біріктірген Әкелер форумы өтті. Форумға мектеп-лицейдің әкелер кеңесінің мүшелері белсенді қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар балаларды тәрбиелеудегі жеке тәжірибелерімен бөлісті, берік отбасының негізі болып табылатын отбасылық дәстүрлер, құндылықтар, қолдау және құрмет туралы әңгімеледі. Әкелер өздерінің кәсібі мен өміріндегі жетістіктері туралы айтып, жеке мысал тәрбиенің маңызды құралы екенін атап өтті. Балалардың жауапкершілік, адалдық және Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырудағы әкенің рөліне ерекше назар аударылды. Форум тек қарым-қатынас алаңы ғана емес, сонымен қатар көптеген отбасылар үшін шабыт болды. Мұндай іс-шаралар отбасы институтын нығайтады, әкенің беделін көтереді және салауатты, үйлесімді ұрпақтың қалыптасуына ықпал етеді.
Марапаттау сәті ерекше қуаныш әкелді: жас лицей оқушысы Крафт Варвара аудандық «Ең үздік әке»шығармалар байқауында бірінші орын алғаны үшін грамотамен марапатталды. Варвара өз жұмысында әкесі туралы сүйіспеншілікпен айтып, оның қамқорлығын, қолдауы мен мейірімділігін атап өтті.https://www.instagram.com/reel/DOd_jqoDLCm/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Алтай ауданында белсенді, бей — жай қарамайтын және жауапты ер адамдарды біріктірген Әкелер форумы өтті

