✅ «Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ-де «ДОСБОЛLIKE»буллингке қарсы бағдарламасын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу: нормативтік база және алдын алудың кешенді тәсілдері» тақырыбында аудандық семинар-практикум өтті.

✅ «Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ-де «ДОСБОЛLIKE»буллингке қарсы бағдарламасын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу: нормативтік база және алдын алудың кешенді тәсілдері» тақырыбында аудандық семинар-практикум өтті. Директорлардың тәрбие жұмысы, әкімшілік-шаруашылық бөлімі бойынша орынбасарлары, педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтар қатысты. Негізгі сұрақтармен директордың ТЖ жөніндегі орынбасары М. А. Қадырбаева және педагог-психолог О. С. Парфенова сөз сөйледі. Буллинг мәселелерін, бағдарламаның мақсаттары мен бірегейлігін, буллингке қарсы топтың құрылымы мен функцияларын, мектептегі зорлық-зомбылыққа жауап беру алгоритмін реттейтін нормативтік құқықтық актілер қаралды. «ДОСБОЛLIKE» бағдарламасының мазмұны, оны іске асыру және мониторинг жүйесі егжей-тегжейлі баяндалған. Қорытындылай келе, аудан мектептерінде бағдарламаны одан әрі тиімді іске асырудың негізгі қадамдары анықталды.https://www.instagram.com/reel/DPyw85DjE3P/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Scroll to Top