«Еңбекқорлық және кәсібилік»

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында «Адал Азамат» бағдарламасының «Еңбекқорлық және кәсібилік» құндылығын іске асыру аясында мектеп-лицейде 10 — сынып оқушылары арасында «Мен-Тәуелсіз Қазақстанның болашақ маманымын» кәсіптік бағдар беру жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға Алтай жоғары колледжінің өкілдері, сондай-ақ Алтай ауданы полиция бастығының орынбасары Данияр Қадылұлы Даиров қатысты. Ол балаларға құқық қорғау органдарындағы жұмыстың ерекшеліктері, полиция мамандығының маңыздылығы және қоғам алдындағы жауапкершілік туралы айтып берді.https://www.instagram.com/reel/DSR6kDXjNIb/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Scroll to Top