📚»Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ-де 8-11 сынып оқушылары үшін құқықтық сауаттылық бойынша сынып сағаты өтті:
«Некеге мәжбүрлеуге, сталкингке және әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың басқа түрлеріне мүлдем төзбеушілік»
Іс-шара барысында оқушылар некеге мәжбүрлеу, сталкинг және зорлық-зомбылықтың өзге де нысандарын талқылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдендірілген құқықтар мен бостандықтар туралы білді.
Құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, жеке шекараларды құрметтеуге және заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілікке ерекше назар аударылды. Балалар нақты өмірлік жағдайларды қарастырып, ықтимал тәуекелдерді талдап, қауіп төнген немесе құқықтары бұзылған жағдайда көмек сұрауға болатын жерлерді білді.
Сынып сағатының басты мақсаты-зорлық-зомбылықтың кез-келген көрінісіне нөлдік төзімділікті қалыптастыру және әр адамның қадір-қасиеті мен құқықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.https://www.instagram.com/reel/DU8W6HIDGH8/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
📚»Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ-де 8-11 сынып оқушылары үшін құқықтық сауаттылық бойынша сынып сағаты өтті:»Некеге мәжбүрлеуге, сталкингке және әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың басқа түрлеріне мүлдем төзбеушілік»

