8 – шы сынып оқушылары Серебрянск қаласындағы су электр станциясына барды.

8 – шы сынып оқушылары Серебрянск қаласындағы су электр станциясына барды. Экскурсия барысында лицей оқушылары СЭС жұмысының тарихы мен принципімен танысты, су энергиясының электр қуатына қалай айналатынын білді және өңірдің маңызды энергетикалық нысандарының бірінің жұмысын көрді. Мұндай танымдық экскурсиялар оқушыларға энергетика, заманауи технологиялар және осы салаға байланысты мамандықтар туралы білімдерін кеңейтуге, сондай-ақ мектеп кабинетінен тыс жерде практикалық тәжірибе алуға көмектеседі. Станция мамандарына қызықты және танымдық кездесу үшін алғыс айтамыз! https://www.instagram.com/reel/DdULFt4s5bA/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==

Scroll to Top