💧 СУДЫ ҮНЕМДЕҢІЗ — БОЛАШАҚТЫ САҚТАҢЫЗ!
2026 жылғы 9 қарашада «Алтай қаласының мектеп-лицейінде» «Су ізі: әркімнің жауапты таңдауы» атты республикалық экологиялық ағарту шарасы өтті.
Іс-шара экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, су ресурстарына саналы қарауға және суды жауапкершілікпен пайдаланудың маңыздылығын түсіндіруге бағытталды.
9–11 сынып оқушылары онлайн көрсетілімге қатысты. Бағдарлама аясында құрметті қонақтардың тұсаукесерлері ұсынылып, интерактивті ойын өткізілді, сондай-ақ оқушылармен ашық диалог ұйымдастырылды.
5–8 сынып оқушылары үшін жобаның веб-сайтындағы (https://tamshy.iac-su.kz/, «Су сандығы» бөлімі) оқу материалдарын пайдалана отырып, тақырыптық сабақтар өткізілді.
🌍 Су — баға жетпес ресурс, ал оны сақтап қалу әрқайсымыздың жауапкершілікпен қабылдаған шешімдерімізден басталады!

