✅ 2026 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасын талқылау шеңберінде «Әділ мемлекет: жаңа конституциялық қағидаттар»тақырыбында диалог алаңы өтті.

✅ 2026 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасын талқылау шеңберінде «Әділ мемлекет: жаңа конституциялық қағидаттар»тақырыбында диалог алаңы өтті. Іс — шараға Алтай жоғары колледжінің студенттері, сондай-ақ Алтай 8 сайланған аудандық мәслихат депутаттары-Ф. Г. Нағибаева және Б. Б. Бекбусинов қатысты.
Кездесудің модераторы Ибрагим Мария Владимировна болды.
Диалог алаңының негізгі мақсаты студенттерге құқықтық білім беру, жаңа конституциялық қағидаттардың әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ әділ және құқықтық мемлекет қалыптастыруға қалай ықпал ететінін түсіндіру болды.
Студенттер депутаттарға сұрақтар қойып, жоғары белсенділік танытты. Кездесу қазіргі жастардың сындарлы диалогқа дайын екендігін көрсетті. Диалог алаңының форматы студенттерге ҚР-да болып жатқан тарихи өзгерістерге өз қатыстылығын сезінуге мүмкіндік берді. Кездесуге қатысушылар «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты дәл осындай жергілікті, бірақ шынайы пікірталастардан басталады деген пікірге келді. Бүгін біз әділ Қазақстанның іргетасын қалап жатырмыз, бірақ дәл бүгінгі студенттер бұл мемлекетті құруы керек.https://www.instagram.com/reel/DUpxYhejJVl/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Scroll to Top