🌟 «ЖЕТІСТІККЕ БАСТАР ЖОЛ» АЙДАРЫ

🌟 «ЖЕТІСТІККЕ БАСТАР ЖОЛ» АЙДАРЫ

Әрбір жетістік кішкентай қадамнан басталады — білім алуға деген ынтадан, жаңа нәрсені байқап көруден, қиындықтардан қорықпаудан және өз мүмкіндігіне сенуден.
Біздің айдарымызда табанды еңбегі, мақсатқа ұмтылысы және белсенді өмірлік ұстанымы арқылы жетістікке жетіп жүрген лицей оқушыларымен таныстыратын боламыз.

🏆Олимпиадалар мен байқаулардағы жеңістер
📚 Оқу және зерттеу жұмыстарындағы жетістіктер
🎨 Шығармашылық жетістіктер
🏃‍♀️Спорттық жеңістер
🌱 Экологиялық және әлеуметтік жобаларға қатысу
🤝 Лицей өміріне белсенді араласу

Әрбір мақтау қағазы мен медальдың артында — сағаттарға созылған дайындық, табандылық, ұстаздар мен ата-аналардың қолдауы және ең бастысы — өзіңді күн сайын жақсартуға деген ұмтылыс бар.
✨«Жетістікке бастар жол» — өз үлгісімен үлкен жетістіктер өзіне деген сенім мен күнделікті еңбектен басталатынын көрсететін лицей оқушыларының жетістікке толы оқиғалары. https://www.instagram.com/p/Dd8wB8ysTll/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==

Scroll to Top