- 🌟ӘР БАЛАНЫҢ ЖЕТІСТІГІ — ОНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН АШУДЫҢ БАСТАУЫ
«Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ – де «Әр баланың жетістігі — оның мүмкіндіктерін ашудың бастауы» тақырыбында мотивациялық кездесу өтті.
Кездесу аясында білім алушылардың жетістіктер көрмесі ұйымдастырылып, онда оқушылар өздерінің оқу, шығармашылық, спорттық, зерттеушілік және қоғамдық қызметтегі жетістіктерін таныстырды.
Іс-шара оқушылардың жетістіктерін атап өтуге, олардың дамуға деген ұмтылысын қолдауға және әрбір жетістіктің, тіпті ең кішкентайының өзі, жаңа биіктерге бастар маңызды қадам екенін көрсетуге тамаша мүмкіндік болды.
Әр баланың өз күшіне деген сенімі, ұстаздары мен жақындарының қолдауы оның қабілеттерін ашып, алға нық қадам басуына көмектессін💫https://www.instagram.com/reel/DeMrHk9s3eo/?utm_source=ig_web_copy_link&dlrf=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==

