🌿ТАЗА ҚАЗАҚСТАН — ТАЗА БОЛАШАҚ

🌿ТАЗА ҚАЗАҚСТАН — ТАЗА БОЛАШАҚ

«Тазалық өзімізден басталады!» ұранымен өткен экотуристік слёт аясында жас полиция қызметкерлері қызықты кезеңдердің бірі — «Эко-барлау» сайысынан өтті.
Командалардың алдында нағыз экологиялық барлау жүргізу міндеті тұрды: табиғи нысандарды тауып, анықтау, ағаш түрлерін ажырату, табиғатты қорғауға қатысты сұрақтарға жауап беру, экологиялық заңбұзушылықтарды анықтау және қалдықтардың санаттарын дұрыс белгілеу.
Жас қатысушылар байқампаздықтарын, тапқырлықтарын және командада жұмыс істей білу қабілеттерін көрсетті. Бұл кезең оқушылардың экологиялық білімдерін тексеріп қана қоймай, қоршаған ортаға қамқорлық жасау айналамыздағы табиғатқа мұқият әрі жауапкершілікпен қараудан басталатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

🌍 Тазалық өзімізден басталады!
Таза Қазақстан — Таза болашақ! https://www.instagram.com/reel/Dd9EMB2MDol/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==

Scroll to Top