10-11 сынып оқушылары «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ШҚО полиция департаментінің Алтай ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесіне «Заң және тәртіп»экскурсиясына қатысты.

2025 жылғы 10 желтоқсанда ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ 10-11 сынып оқушылары «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ШҚО полиция департаментінің Алтай ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесіне «Заң және тәртіп»экскурсиясына қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар полиция бөлімшелерінің жұмысымен танысты, қызметкерлердің қызметтік міндеттері туралы білді, сондай-ақ өңірдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жүйесі туралы түсінік алды. Экскурсия жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және ішкі істер органдарына деген сенім деңгейін арттыруға бағытталған.https://www.instagram.com/reel/DSE-dOAjPOr/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Scroll to Top