2025 жылғы 10 желтоқсан күні «Заң және тәртіп» профилактикалық іс — шарасы, «100 сұрақ: заң-мемлекет тірегі»тақырыптық алаңы аясында 10-11 сынып оқушыларының полиция қызметкерлерімен кездесуі өтті.
Кездесу барысында оқушылар азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігіне, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметіне қатысты сұрақтарын белсенді түрде қойды. Полиция қызметкерлері егжей-тегжейлі түсініктеме беріп, мемлекеттің тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің негізі ретінде заңды сақтаудың маңыздылығын атап өтті.https://www.instagram.com/reel/DSO9LTqDFi1/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«100 сұрақ: заң-мемлекет тірегі»

