✅ 28 тамыз күні Алтай қаласының «Мектеп-лицейі» КММ-де
«Алтай қаласының «Мектеп-лицейі» КММ-нің 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында тамыз педагогикалық кеңесі өтті.
Кеңесті мектеп директоры Ф.Г. Нагибаєва ашып, ұжымды жаңа оқу жылымен құттықтап, құттықтау сөз сөйледі. Ол: «Өткен жыл бізге мақтануға тұрарлық көптеген себептер сыйлады. Біз тәрбиелік жобаларды дамыттық, ата-аналармен өзара байланысты нығайттық, балалардың байқаулар мен бастамаларға қатысуына қолдау көрсеттік. Алда бұдан да көп жұмыстар күтіп тұр» — деп атап өтті.
Педагогикалық кеңесте білім беру процесіне енгізілетін негізгі бастамалар қарастырылды:
• Бірыңғай тәрбие бағдарламасы «Адал азамат»;
• Антибуллингтік бағдарлама «DosbolLIKE»;
• Жаңа мектептік тамақтану стандарты;
• Мектептегі медиация қызметін ұйымдастыру және оның рөлі;
• Білім сапасын арттыру жұмысы;
• Оқу процесіне жасанды интеллектіні енгізу;
• Педагог мәртебесін көтеру;
• Академиялық адалдықты сақтау.
Кеңес жұмысына Алтай ауданының білім бөлімі басшысы Б.К. Канафина және Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттің бас маманы Қазымова Әсем Жанатқызы қатысып, педагогтарды жаңа оқу жылымен құттықтап, білім саласындағы негізгі басымдықтарға тоқталды.
Бұл педагогикалық кеңес жоспарлар мен шешімдерді талқылау ғана емес, сонымен бірге идеялар туындайтын, бағыттар нақтыланатын және табысты жылға берік негіз қаланатын алаң болды.
[20:01, 03.09.2025] Ахметова Арай Мелисхановна Лицей: «Мектепке жол» акциясы аясында Алтай қаласының жеке кәсіпкерлері тарапынан жалпы 18 500 мың теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетілді. Аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыға кеңсе тауарлары түрінде қайырымдылық көмек берілді.
🙏 Ізгі іске қолдау көрсетіп, үлес қосқандарыңыз үшін шынайы алғыс білдіреміз!https://www.instagram.com/reel/DN5WB31DITY/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

