«ӘР ҮЙГЕ ТЕСТ»: АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ВИДЕО НҰСҚАУЛЫҚ

‼️ «ӘР ҮЙГЕ ТЕСТ»: АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ВИДЕО НҰСҚАУЛЫҚ

Құрметті ата-аналар,
«Әр үйге тест» алдын алу науқаны аясында «Алтай қалалық мектеп-лицейі» психоактивті заттарды қолданудың және жасөспірімдердің заңсыз есірткі саудасына қатысуының алдын алуға бағытталған арнайы бейне нұсқаулық дайындады.
Бейне нұсқаулықта ата-аналарға арналған маңызды ұсыныстар бар: балаңызбен интернетте кездесетін қауіпті ұсыныстар туралы қалай сөйлесу керек, қандай мінез-құлық белгілеріне назар аудару керек, үйде экспресс-тестерді қолдануды қалай талқылау керек және қандай да бір мәселелер туындаған жағдайда қайдан көмек сұрау керек.
Ата-ана мен бала арасындағы сенімге, ашық қарым-қатынасқа және уақтылы қолдау көрсетуге ерекше мән беріледі. Өйткені, ата-ананың назары, олардың бала өміріне араласуы және шынайы қамқорлығы бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.
📌 Құрметті ата-аналар, сіздерді осы бейненұсқаулықты көруге, жақындарыңызбен бөлісуге және осы маңызды тақырыпты балаларыңызбен талқылауға шақырамыз.
Есте сақтаңыз: алдын алу шаралары отбасынан басталады. Балаңыздың өмірінен хабардар болыңыз, оның айналасындағы адамдарға қызығушылық танытыңыз және оған көмек қажет болған сәтте әрқашан қасынан табылыңыз.

❤️ Біріге отырып, біз балаларды есірткі қаупінен қорғай аламыз және олардың болашағын сақтай аламыз!

https://www.instagram.com/reel/DfsWczrs2OP/?utm_source=ig_web_copy_link&vrfl=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==

Scroll to Top