5 қыркүйек күні мектеп-лицейде «Адал азаматты тәрбиелеуде жауапты ата-ана, қолдаушы педагог және қауіпсіз мектеп» тақырыбында сыныптардың ата-аналар комитеттерінің алғашқы отырыстары өтті. Мектеп пен ата-аналар комитеттерінің бірлескен жұмысын ұйымдастырудың басымдықтары, ата-аналар комитетінің қызметін үйлестіру мәселелері талқыланды, сондай-ақ төраға мен активті сайлау өтті. Жиынның мақсаты – «Адал азамат» Бірыңғай білім беру бағдарламасын іске асыру аясында мектеп пен ата-аналар арасындағы серіктестікті нығайту, адал және патриоттық ұрпақты тәрбиелеуге жауапты көзқарасты қалыптастыру болды. Ата-аналар бірлесіп жұмыс істеуге белсенді және қызығушылық танытты.https://www.instagram.com/reel/DONj5OAjD7p/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Aта-аналар комитеттерінің алғашқы отырыстары

