«Балалар үні»тақырыптық күні

✅ Халықаралық балаларды қорғау күні және «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасы аясында 26 мамырда мектеп-лицейде «Балалар үні»тақырыптық күні өтті. Бұл күні оқушылар Алтай қаласының тұрғындары арасында «Бала құқықтары»тақырыбында блиц-сауалнама ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты қоғамның балалардың құқықтары мен оларды қорғау туралы хабардарлығын арттыру болды. Балалар ересектерге сұрақтар қойып қана қоймай, әр баланы құрметтеудің маңыздылығы, оның пікірі, отбасы мен қоғамдағы қауіпсіздігі мен қамқорлығы туралы айтты.https://www.instagram.com/reel/DKKJhQpoBjS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Scroll to Top