Бүгін «Бірге оқиық» әдеби іс-шарасы өтті. Лицей оқушылары тікелей эфирге қосылып, бүкіл елмен бір мезгілде Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын оқыды. Қазақстан бойынша мыңдаған оқушының бір уақытта оқуы өмір бойы білім алудың, еңбекті құрметтеудің және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылудың маңыздылығын айшықтады.
Бір мезгілде. Бір мақсатта. Бірге оқимыз!
