«Еркіндік пе, әлде тәуелділік пе: Оңай ақшаның құны»

Есірткіні теріс пайдаланудың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі 2026–2028 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында «Еркіндік пе, әлде тәуелділік пе: Оңай ақшаның құны» тақырыбында пікірталас өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар есірткіні теріс пайдаланудың таралуына, жастардың заңсыз әрекеттерге тартылуының салдарына, сондай-ақ саналы таңдау жасау мен өз болашағы үшін жауапкершілікті сезінудің маңыздылығына қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
Жастар арасында есірткіге деген теріс көзқарасты қалыптастыруға, құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше назар аударылды.
Пікірталас ашық диалог форматында өтті. Бұл қатысушыларға өз көзқарастарын білдіруге, ұстанымдарын дәлелдеуге және маңызды қорытындыға келуге мүмкіндік берді: **шынайы еркіндік — дұрыс таңдау жасай алу және тәуелділіктің тұтқынына айналмау.**

https://www.instagram.com/reel/Df9KDSlsgAr/?utm_source=ig_web_copy_link

Scroll to Top