🍂 КҮЗГІ ДЕМАЛЫС — ДЕМАЛУ УАҚЫТЫ, БІРАҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҰМЫТПАҢЫЗДАР!
Құрметті оқушылар мен ата-аналар!
Күзгі демалыс – демалуға, отбасымен уақыт өткізуге, достармен кездесуге және жаңа тәжірибе жинауға тамаша мүмкіндік. Дегенмен, ең бастысы, қауіпсіздікті сақтауды және өз әрекеттеріңіз үшін жауапкершілікті алуды ұмытпаңыз.
Құрметті оқушылар, қауіпсіздік нұсқауларын мұқият қарап шығуларыңызды, Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауларыңызды және жолдарда, қоғамдық орындарда, үйде және интернетте сақ болуларыңызды сұраймыз.
Есте сақтаңыз: 🔹 Өзіңізді де, өзгелерді де қауіпке тікпеңіз. 🔹 Қауіпті челлендждерге немесе күмәнді онлайн әрекеттерге қатыспаңыз. 🔹 Тәртіп ережелерін сақтап, айналаңыздағы адамдарға құрметпен қараңыз. 🔹 Қауіпті немесе кіруге тыйым салынған жерлерден аулақ болыңыз. 🔹 Денсаулығыңызға мұқият болыңыз және қайда жүргеніңіз туралы ата-анаңызға үнемі хабарлап отырыңыз.

