🏆 Лайықты жеңісіңіз құтты болсын!
«Алтай қаласының мектеп-лицейі» тағы бір педагогикалық жетістікке қол жеткізді!
Бейнелеу өнері және қолөнер пәнінің мұғалімі Надежда Александровна Смирнова «Педагогикалық идеялар фестивалі» атты республикалық байқаудың аудандық кезеңінде 2-орынға ие болды! 🌟
Бұл – оның кәсіби шеберлігін, шығармашылық көзқарасын, ұстаздық тәжірибесін және өз ісіне деген адалдығын лайықты бағалау.
Надежда Александровнаға сарқылмас шабыт, тың әрі қызықты идеялар, талантты шәкірттер және алдағы уақытта да кәсіби биіктерден көріне беруін тілейміз!
Біз ұстаздарымызды мақтан тұтамыз! Құттықтаймыз! 💙💛

