📌 Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып енгізіледі (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы, 6-тармақ).
✅ Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы, 7-тармақ).
‼️ Әр түрлі конфессиялардың діни киім элементтерін мектеп формасына енгізуге жол берілмейді (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы, 13-тармақ).
✅ Ұлдарға арналған мектеп формасы:
Пиджак, жилет, шалбар (ұлдарға арналған шалбар кең пішілген және ұзындығы тобықты жауып тұруы тиіс), ақ түсті мерекелік жейде, пастель реңкті күнделікті жейде, қою көк түсті түймелі немесе сыдырмалы тоқыма куртка/кардиган, пастель реңкті поло жейде немесе тенниска, қою қызыл түсті галстук.
Қысқы кезеңде: қою көк түсті тоқыма жилет, пастель реңкті водолазка.
✅ Қыздарға арналған мектеп формасы:
Пиджак, жилет, юбка, шалбар (қыздарға арналған шалбар кең пішілген және ұзындығы тобықты жауып тұруы тиіс), ақ түсті классикалық мерекелік көйлек, пастель реңкті күнделікті көйлек, қою көк түсті түймелі немесе сыдырмалы тоқыма куртка/кардиган, пастель реңкті поло жейде немесе тенниска, қою қызыл түсті галстук.
Қысқы кезеңде: қою көк түсті тоқыма жилет, қою көк түсті сарафан, пастель реңкті водолазка.
✅ Аяқ киім: Классикалық, ыңғайлы. Қыздардың аяқ киіміндегі өкше биіктігі 3 см-ден аспауы тиіс.
✅ Спорттық форма ұлдар мен қыздарға: спорттық костюм (спорттық шалбар, футболка), спорттық аяқ киім (кроссовка, кеды).
✅ Білім алушылардың сыртқы келбеті қоғамда қалыптасқан іскерлік стиль нормаларына сай болуы және көзге түсетін элементтері болмауы тиіс.





