«Мектеп-лицей» КММ-де жазғы каникул кезінде Тіл мектебінің сабақтары өткізіледі. Бүгін үштілділікті және мәдениетаралық қарым-қатынасты дамытуға арналған «Тілдік кемпірқосақ: Қазақ тілі, Русский, English» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
«Kazakh style» станциясы қатысушыларды қазақтың бай мақал-мәтелдерімен таңғалдырды. Оқушылар аудармаларын тауып, олардың мәнін түсіндіріп, бұл нақылдардың халықтың мәдени құндылықтарын қалай бейнелейтінін білді.
«English Fun» станциясы ағылшын тілі туралы қызықты деректерді іздеуге арналған нағыз ойын-сауық алаңына айналды.https://www.instagram.com/reel/DNSGO6zg0jZ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

