«Оқитын ұлт» жобасы аясында лицей оқушылары Орталық балалар кітапханасына барды. Бұл жоба балаларға да, ересектерге де кітап оқудың тек оқу бағдарламасының бір бөлігі ғана емес, қызықты саяхат, қиялға қанат бітіретін таптырмас құрал және жаңа достар табуға керемет мүмкіндік екенін көрсетуді көздейді.
Бүгін оқушылар таңғажайып жаңа хикаялармен танысып, соңғы уақытта жарық көрген қызықты кітаптарды парақтады, сондай-ақ кітапхана қорындағы сирек басылымдарды тамашалады. Олардың көбі қазірдің өзінде «Оқитын ұлт» кітап марафонына қатысып, «Кітап бумы» клубына қосылып үлгерді — сіз де неге қосылмасқа?
«Оқитын ұлт»

