✅ Қауіпсіздік сабақтары: «Қалай сенімді түрде «ЖОҚ» деп айтуға болады?»
Мектеп-лицейде жеке шекараларды белгілеудің, құрдастар тарапынан болатын қысымға қарсы тұрудың, сондай-ақ өзіңізді ыңғайсыз немесе қауіпті сезінетін жағдайларда сенімді түрде «ЖОҚ» деп айта білудің маңыздылығына арналған арнайы қауіпсіздік сабақтары өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар бес негізгі ережені талқылады:
* «ЖОҚ» деп айтуды үйреніңіз — сабырлы, анық және сенімді түрде.
* Өз сезімдеріңізге сеніңіз — егер жағдай дұрыс еместей көрінсе, ішкі түйсігіңізді елемеуші болмаңыз.
* Қысымға берілмеңіз — қаламаған нәрсеңізге ешқашан келіспеңіз.
* Көмек сұраудан қорықпаңыз — өзіңіз сенетін ересек адаммен сөйлесіңіз.
* Өз шекараларыңызды есте сақтаңыз — сіздің «жоқ» деп айтуға және өзіңізді қорғауға құқығыңыз бар.
Бұл сабақтардың негізгі мақсаты — оқушыларға өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға, қауіпсіз қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және өз бетінше шешім қабылдауды үйренуге көмектесу.
«ЖОҚ» деп айта білу — өзіңді қорғай алу деген сөз!

