«Табиғатты қорғау – азаматтық парыз»

 «Табиғатты қорғау – азаматтық парыз»

«Таза Қазақстан» және «Адал азамат» бастамалары аясында 11 қараша күні «Алтай қалалық мектеп-лицейінде» 5–11 сынып оқушылары арасында «Табиғатты қорғау – азаматтық парыз» атты суреттер мен плакаттар байқауы өтті.
Оқушылар өз шығармашылық жұмыстары арқылы қоршаған әлемге деген көзқарастарын білдірді. Олар табиғи ресурстарға ұқыпты қараудың, туған өлке тазалығын сақтаудың маңыздылығын, сондай-ақ планетамыздың экологиялық ахуалы үшін әрбір адамның жеке жауапкершілігі бар екенін атап өтті.
Әрбір жұмыс табиғатқа тек сөзбен ғана емес, күнделікті іс-әрекет арқылы қамқорлық жасауға шақыратын шынайы үндеу болды.

🌱 Таза қоршаған орта әрқайсымыздан басталады!

https://www.instagram.com/reel/DfsO57uMPBm/?utm_source=ig_web_copy_link&dlrf=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==

Scroll to Top