Жасанды интеллектке және ойындарды әзірлеуге оқушыларды оқыту бойынша пилоттық жоба Шығыс Қазақстан облысының жеті мектебінде іске асырылады. Олардың қатарына «Алтай қаласының мектеп – лицейі» КММ – і де кіреді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Astana Hub халықаралық технопаркі базасында Қазақстан Республикасының оқушыларының цифрлық құзыреттілігін дамытуға бағытталған edu.astanahub.com, – ауқымды білім беру онлайн – платформасы іске қосылған. Бір уақытта «Жасанды интеллект» (AI) және «Ойындарды әзірлеу» (Game Development) бағыттары бойынша 300 педагогты оқыту бойынша пилоттық жоба басталған.
Мектеп – лицейден edu.astanahub.com. платформасында қашықтықтан оқыту сәтті өтті информатика мұғалімі И.В. Надырова.
2025 жылдың қаңтарынан бастап мектепте 10-ші сынып оқушылары үшін курстарын іске асыру басталды.
Лицейдік компоненті есебінен лицейдің Жұмыс оқу жоспарына цифрлық пәндерді орнықты және жүйелі енгізу мақсатында «Game Development» курсы енгізілген.
Курстың мақсаты — оқушыларды компьютерлік ойындарды әзірлеуге үйрету және оларды бес бағытта әзірлеудің негізгі кезеңдерімен таныстыру:
- ойындарды әзірлеу,
- интерфейстерді әзірлеу,
- персонаждарды әзірлеу,
- анимация,
- бағдарламалау, сондай – ақ өз жобаларын интернетте жариялауға үйрету.
Курс бағдарламалау, цифрлық дизайн, анимация, пайдаланушы психологиясы, жобаларды басқару және кәсіпкерлік негіздерінің элементтерін біріктіретін пәнаралық сипатқа ие. Бұл оқушыларға технологияны меңгеріп қана қоймай, сыни және шығармашылық ойлауды, сондай-ақ командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.

