ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ: ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАҢЫЗ!

🔥 ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ: ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАҢЫЗ!

Ауа райы суытуына байланысты, жеке тұрғын үйлерде тұратын тұрғындарға отын пештері мен электр жылытқыштарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске саламыз.
🏠 Жылыту маусымы басталмас бұрын:
▪️ Пештер мен мұржалардың жарамдылығын тексеріңіз.
▪️ Мұржаны күйеден тазартыңыз.
▪️ Жанып тұрған пешті ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.
▪️ От жағу үшін тез тұтанатын сұйықтықтарды қолданбаңыз.
▪️ Электр желісіне шамадан тыс жүктеме түсірмеңіз.
▪️ Көміртегі тотығын (иіс газын) анықтайтын датчик орнатыңыз.
▪️ Балалардың ересектердің бақылауынсыз жылыту құрылғыларына жақындауына жол бермеңіз.
⚠️ Есіңізде болсын: қауіпсіздік ережелерін сақтау өрттің алдын алуға, сондай-ақ жақындарыңыздың өмірі мен қауіпсіздігін қорғауға көмектеседі.

Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласыңыз.
Өзіңізді, жақындарыңызды және үйіңізді сақтаңыз!

https://www.instagram.com/reel/DfObsgAs-a7/?utm_source=ig_web_copy_link&srtk=MzRlODBiNWFlZA==

Scroll to Top