«Заңды білу — заман талабы»

⚖️ «Заңды білу — заман талабы»

«Адал азамат» бағдарламасы аясында 10 қараша күні «Алтай қаласының мектеп-лицейінде» 9–11 сынып оқушыларына арналған «Заңды білу — заман талабы» атты танымдық іс-шара өтті.
Сұрақ-жауап форматында өткен кездесуде жоғары сынып оқушылары құқықтық білімдерін сынап, өзекті заң мәселелерін талқылады, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін қарастырды, сондай-ақ құқық бұзушылықтар жасаудың салдарлары туралы ой өрбітті.
Қатысушылар жоғары парасаттылық танытып, түрлі жағдаяттарды талдау, өз көзқарастарын нақты жеткізу және оны қорғай білу шеберліктерін көрсетті.
Құқықтық мәдениетті, азаматтық жауапкершілікті және заңға деген құрметті қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Өз құқықтарын білу, міндеттемелерін орындау және заңды құрметтеу — жауапты азаматтың маңызды қасиеттері!

https://www.instagram.com/reel/DfkByElMEnc/?utm_source=ig_web_copy_link&vrfl=NTc4MTIwNjQ2YQ==

Scroll to Top