🤝 «Адалдық — адамгершіліктің белгісі»
«Адал азамат» бірыңғай бағдарламасы аясында 9 қараша күні Алтай қаласындағы мектеп-лицейде адамның ең маңызды құндылықтарының бірі — адалдыққа арналған танымдық сабақтар өтті.
Ашық пікірталастар мен жағдаяттық жаттығулар арқылы оқушылар өздеріне және өзгелерге адал болудың неліктен маңызды екенін, өмірдегі қиын жағдайлардан қалай дұрыс жол табуға болатынын, сондай-ақ шынайылық, парасаттылық пен жауапкершіліктің адамдар арасындағы сенімнің негізі екенін талқылады.
Оқушылар түрлі өмірлік жағдаяттарды талдап, өз көзқарастарымен бөлісті, дәлелдерін жүйелі жеткізуді үйренді және адамгершілік тұрғысынан дұрыс шешімдер іздеді.
✨ Адалдық — тек сөз ғана емес, ол — күнделікті таңдау; сенімнің, құрметтің және абыройлы істердің іргетасы.

