✅ «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында лицейімізде «World Cleanup Day» / «Дүниежүзілік тазалық күні» акциясы өтті.
Мектеп-лицей оқушылары педагогтермен бірге аумақты абаттандыру жұмыстарына қатысып, шырша көшеттерін отырғызды. Осылайша туған лицейіміздің аумағын көгалдандыруға өз үлестерін қосты.
Әрбір отырғызылған шырша — таза әрі көрікті болашаққа жасалған кішкентай қадам.
Бүгін лицей оқушылары мектеп аумағына қамқорлық жасаса, уақыт өте келе бұл ағаштар оның ажырамас бөлігіне айналып, талай ұрпақты қуантатын болады.
Акцияға қатысқан баршаңызға еңбектеріңіз, бастамашылдықтарыңыз және қоршаған ортаға деген ұқыпты қарым-қатынастарыңыз үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз!
Табиғатқа қамқорлық жасау әрқайсымыздың жақсы әдетімізге айналсын. Өйткені «Таза Қазақстан» айналамызды таза, жасыл әрі көрікті етуге деген қарапайым ниеттен басталады!https://www.instagram.com/reel/DddU_yqMpHk/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==
✅ «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында лицейімізде «World Cleanup Day» / «Дүниежүзілік тазалық күні» акциясы өтті.

