«Туған жер – алтын бесігім» акциясы аясында Өскемен қаласында Алтай ауданының күндері басталды.
Алғашқы іс шаралардың бірі ауданның жалпы білім беретін мектеп директорларының С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 4 курс студенттерімен кездесуі болды.
Кездесу барысында жас мамандарды кәсіби бағдарлау және оларды болашақта жұмысқа орналастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Студенттер ауданның білім беру мекемелері, сұранысқа ие мамандықтар туралы көбірек білуге мүмкіндік алды.
Мұндай кездесулер жастар, білім беру мекемелері мен аймақ арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді, студенттерге туған өлкенің мүмкіндіктерін жақсырақ білуге көмектеседі және оның одан әрі дамуы үшін жауапкершілік сезімін қалыптастырады.https://www.instagram.com/p/DddqgKjkikA/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==
«Туған жер – алтын бесігім» акциясы аясында Өскемен қаласында Алтай ауданының күндері басталды.

