✨ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КҮНІ
Бүгін біздің мектеп-лицейімізде ерекше атмосфера орнады — оқушылар бір күнге мұғалім болып, өз құрдастарына сабақ өткізді.
Лицей оқушылары жаңа рөлге жауапкершілікпен қарап, қызықты сабақтар дайындап, өздерінің бастамашылдығын, шығармашылығын және ұйымшылдығын көрсете білді.
Өзін-өзі басқару күні оқушылар үшін өздерін педагог рөлінде сынап көруге, жаңа тәжірибе жинақтауға және мұғалім еңбегінің қаншалықты маңызды әрі жауапты екенін тереңірек түсінуге тамаша мүмкіндік болды.🌷
Мерекелік күн баршаға көтеріңкі көңіл-күй, жарқын эмоциялар, күлкі мен ұмытылмас әсер сыйлады!💫 https://www.instagram.com/reel/DeGqjVZMWyx/?utm_source=ig_web_copy_link&psln=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==

