🌟 ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КҮНІ
5 қазанда «Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ — де Мұғалімдер күніне орайластырылған жарқын әрі мазмұнды Өзін-өзі басқару күні өтті.
Бұл күні оқушылар өздерін мұғалім рөлінде сынап көрді: сабақ өткізді, сыныптармен қарым-қатынас жасап, жауапкершілік, бастамашылдық пен шығармашылық қабілеттерін танытты.
Сабақтар қызықты әрі тартымды өтіп, оқушыларға жаңа әсерлер мен құнды тәжірибе сыйлады. Бұл күн мұғалім мамандығын жаңаша сезініп, оның қаншалықты маңызды және жауапты екенін түсінудің тамаша мүмкіндігі болды!💐 https://www.instagram.com/reel/DeGpGu_sAwp/?utm_source=ig_web_copy_link&exln=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==

