🌷 ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЖЫЛЫ АЛҒЫС СӨЗДЕР.

🌷 ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЖЫЛЫ АЛҒЫС СӨЗДЕР.

Ұстаздар күнін мерекелеу аясында «Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ 11-сынып оқушылары мектеп директоры Фатима Гапаровна Нагибаеваны кәсіби мерекесімен құттықтады.
Түлектер мектепті даналықпен басқарып, әрдайым қолдау көрсетіп, қамқорлық танытқаны және туған лицейдің дамуына қосқан зор үлесі үшін шынайы алғыстарын білдірді. Оқушылар үшін Фатима Гапаровна — жай ғана басшы емес, әрдайым жанынан табылып, көмек көрсететін, қолдау білдіретін, шабыттандыратын және білім алуға, дамуға, биік жетістіктерге ұмтылуға мүмкіндік беретін ерекше жан.
Мұндай жылы лебіздерді жақында ғана туған лицейінің қабырғасынан түлеп ұшып, жаңа армандар мен үлкен жетістіктерге қарай қадам басатын түлектерден есту — ерекше қуаныш.
Шын жүректен айтылған осындай ізгі алғыс сөздер ұстаз бен басшы еңбегінің шәкірттер жүрегінде өшпес із қалдыратынының тағы бір дәлелі болсын.
Ұстаздар күніңізбен, Фатима Гапаровна!
Сізге сүйікті лицейіңіз бен оның оқушылары игілігі жолында зор денсаулық, амандық, шабыт және жаңа табыстар тілейміз!❤️ https://www.instagram.com/reel/DeMXodgsziC/?utm_source=ig_web_copy_link&vrfl=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==

Scroll to Top