🎓 ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КҮНІ — ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР КҮНІ!

🎓 ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КҮНІ — ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР КҮНІ!

Ұстаздар күнін мерекелеу аясында «Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ — де Өзін-өзі басқару күні мазмұнды әрі қызықты өтті.
Бұл күні мектеп әкімшілігінің дублерлерінің жұмысына ерекше көңіл бөлінді.
Оқушылар өздерін басшы рөлінде сынап көріп, жиынға қатысып, ұйымдастыру мәселелерін талқылады, алдағы жоспарларды белгіледі және мектеп ұжымының жұмысына жауапкершілікпен қараудың қаншалықты маңызды екенін сезінді.
Дублерлер күні оқушылар үшін өз бастамаларын жүзеге асыруға, көшбасшылық қабілеттерін, дербестігін және командалық рухын танытуға тамаша мүмкіндік болды. Балалар үшін бұл жай ғана жаңа тәжірибе емес, ересек әрі жауапты өмірге бастайтын маңызды қадам болды! 🌟 https://www.instagram.com/reel/DeMjAFMM1ID/?utm_source=ig_web_copy_link&xtok=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==

Scroll to Top