Абай болыңыз: Жұқа мұз!

✅ Абай болыңыз: Жұқа мұз!

Қыс мезгілі қарсаңында лицейда қауіпсіздікке арналған арнайы сабақтар өткізілді. Онда мұз қату немесе еру кезеңдерінде су айдындарының маңында және тайғақ жерлерде өзін қалай ұстау керектігі түсіндірілді.
Сабақ барысында оқушылар маусымның басындағы мұздың қауіптілігі, әлі толық қатпаған мұзға шығудың неліктен қауіпті екені, қауіпті жағдайлардың алдын алу жолдары және төтенше жағдай туындаған кезде қандай әрекеттер жасау қажеттігі туралы білді.
Бұл сабақтардың басты мақсаты — оқушылардың бойында жеке қауіпсіздікке деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру және мынадай маңызды ойды еске салу болды: қарапайым ережелерді сақтау адам өмірін сақтап қалуы мүмкін!

https://www.instagram.com/reel/DgKo3sOMlcz/?utm_source=ig_web_copy_link&avpt=MzRlODBiNWFlZA==

Scroll to Top