✅ «Ай қонағы» атты кәсіби бағдар беру жобасы аясында 11-сынып оқушылары «Казцинк» компаниясының өкілі, кен байыту фабрикасында өнім инспекторы болып жұмыс істейтін Мария Юрьевна Афонинамен кездесті.
Мария Юрьевна оқушыларды өз мамандығының ерекшеліктерімен таныстырып, қызметтік міндеттері, өндірістік ортадағы жұмыс сипаты, сапаны бақылау және дайын өнімді (концентратты) қадағалау процестері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Оқушылар өндірістік кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуінде білікті жұмысшылар мен техникалық мамандар еңбегінің қаншалықты маңызды екенін түсінді. Бұл кездесу олардың дүниетанымын кеңейтіп, нақты өндірістік ортамен танысуға мүмкіндік берді, сондай-ақ болашақ мамандық таңдау туралы ойлануға түрткі болды.
«Ай қонағы» жобасы

