⚖️ Мамандық таңдау – болашағыңды таңдау деген сөз!
«Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ-де «Заң және тәртіп» әрі «Еңбегі адал – жас өрен» жобалары аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің академияларына оқуға түсуге арналған кәсіби бағдар беру іс-шарасы өтті.
Кездесу барысында оқушылар аталған арнайы оқу орнында білім алу ерекшеліктері, оқуға қабылдау шарттары, үміткерлерге қойылатын талаптар және ішкі істер органдарындағы болашақ мансаптық мүмкіндіктер туралы толық мағлұмат алды. Сондай-ақ, полиция мамандығының мәніне, заңдылықты сақтаудың, азаматтардың құқықтарын қорғау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Мұндай кездесулер жоғары сынып оқушыларына болашақ мамандығына қатысты саналы таңдау жасауға, кәсіби даму мүмкіндіктері туралы білуге және одан әрі білім алу жолын айқындауға көмектеседі.
Заңға қызмет ету, адамдарды қорғау және ел болашағы үшін жауапкершілікті өз мойнына алу — бұл өте лайықты кәсіби таңдау!

