«Ұлттық валюта күні»

💰 «Ұлттық валюта күні»

13 қарашада «Алтай қалалық мектеп-лицейі» КММ-де 7–11 сынып оқушыларына арналған, Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы — теңгеге бағышталған тақырыптық сабақтар өткізілді.

Оқушылар қазақстандық банкноталар мен монеталар туралы қызықты деректермен танысып, теңгенің ел экономикасындағы маңызын талқылады. Қаржылық сауаттылықты дамытуға, ақшаға жауапкершілікпен қарауға және жеке қаражатты ұтымды басқаруды үйренуге ерекше назар аударылды.
Мұндай сабақтар оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге, ұлттық нышандарға деген құрметті қалыптастыруға және пайдалы қаржылық дағдыларды дамытуға септігін тигізеді.

🇰🇿 Теңге — Қазақстан тәуелсіздігі мен экономикалық дербестігінің нышаны!

https://www.instagram.com/reel/DfsRqvRs4CD/?utm_source=ig_web_copy_link&dlrf=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==

Scroll to Top