«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында лицейімізде «World Cleanup Day» / «Дүниежүзілік тазалық күні» акциясы өтті.

✅«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында лицейімізде «World Cleanup Day» / «Дүниежүзілік тазалық күні» акциясы өтті.
Білім алушылар мен педагогтер бірлесе отырып, мектеп аумағын тазалап, абаттандыру жұмыстарына атсалысты. Әрқайсысы өз уақытын, күш-жігерін және қоршаған ортаға деген қамқорлығын осы игі іске арнады.
Акцияға қатысқан баршаңызға шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Осындай игі істер баршамызды біріктіріп, тазалықтың үлкен өзгерістерден емес, әрқайсымыздан — өзіміз өмір сүріп, білім алатын ортаны жақсартуға деген қарапайым ниеттен басталатынын көрсетеді.
Табиғатқа ұқыпты қарау күнделікті жақсы әдетімізге айналсын! Тазалықты бірге сақтайық, туған өлкемізге қамқорлық жасайық және «Таза Қазақстан» әрқайсымыздан басталатынын ұмытпайық! https://www.instagram.com/reel/DddUTwgsvLO/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==

Scroll to Top